Жүгіру жолы
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Балдәурен» Балалар Бақшасы МКҚК
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ

Күз – табиғаттың алтын түске боялып, ерекше әсемдікке бөленетін мезгілі. Бұл – молшылық пен берекенің, еңбектің жемісі мен шаттықтың кезеңі. Сары жапырақтар төгіліп, айнала көркем көрініске енген шақта балаларға күздің сұлулығын танытып, көтеріңкі көңіл күй сыйлау ерекше маңызға ие.

Балабақшамызда «Берекелі – Алтын күз» тақырыбында мерекелік ертеңгіліктер ұйымдастырылды. Күздің кереметін дәріптеген мерекелік шаралар балаларға қуаныш сыйлап, олардың өнерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер күз мезгілі туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, би билеп, қызықты ойындарға белсене қатысты. Ұлттық және қимылды ойындар арқылы балалар ұйымшылдыққа, достыққа және бір-бірін қолдауға үйренді. Әсем ән мен көңілді әуенге толы мереке балалардың шат күлкісімен және ерекше әсерімен есте қалды.

Мерекенің басты мақсаты – балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін таныту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекті бағалауға және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу. Осындай танымдық әрі тәрбиелік мәні зор шаралар бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз өнерлерін ортаға салуға деген сенімділігін арттырады.

«Берекелі – Алтын күз» мерекесі балабақшамызда көтеріңкі көңіл күймен өтіп, балаларға ұмытылмас әсер сыйлады.

Алтын күздің берекесі әр шаңыраққа шаттық әкеліп, бүлдіршіндеріміздің балалық шағы қуанышқа, мейірімге және жарқын сәттерге толы болсын!